Игорь Лепеха Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының өкімімен Игорь Владимирович Лепеха Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, полиция генерал-майоры Игорь Лепеха 1962 жылы 20 қарашада Қарағанды облысы Осакаровка ауылында дүниеге келген.
1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын инженер мамандығы, 1993 жылы Ресей Федерациясының ІІМ академиясын заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1986-1987 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласы ІІБ-нің техникалық бөлімінде аға нұсқаушы болып бастаған.
1987-1988 жылдары Қарағанды облысы Гагарин ауданы ІІБ-нің саяси бөлім бастығының орынбасары;
1988-1990 жылдары Қарағанды облысы Абай қаласы ІІБ-нің саяси бөлім бастығының орынбасары;
1990-1993 жылдары Ресей Федерациясы ІІМ Академиясының тыңдаушысы;
1993-1997 жылдары Қарағанды қаласы Советский ауданы ІІБ бастығының орынбасары, бірінші орынбасары;
1997-1998 жылдары Қарағанды облысы ҚІІБ Патрульді полиция басқармасының бастығы; 1998-2005 жылдары Қарағанды облысы ҚІІБ әкімшілік полиция қызметінің, қоғамдық қауіпсіздік басқармасының басшысы;
2005-2009 жылдары Қарағанды облысы ІІД бастығының орынбасары;
2009-2011 жылдары Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары;
2011-2019 жылдары Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасы;
2019 жылдың 18 сәуірінен 2020 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Штаб-департаментінің бастығы;
2020 жылдың ақпанынан осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы ІІМ аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.