19 мау, 2023 сағат 16:11

Грузияда қазақстандық журналист өлі табылды: СІМ өкілі пікір білдірді

Фото: facebook.com/Ерболат Алтайұлы

Сыртқы істер министрлігі өкілі Грузиядағы қазақстандық журналистің өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Ведомство бұл ақпаратты растады.

"24 мамырда Тбилисидегі ҚР елшілігіне Телави қаласының құқық қорғау органдарынан ҚР азаматы өлтірілгені туралы ақпарат түскен. Күдікті ұсталды, тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін оқиға туралы мәліметтер мен күдіктінің деректері жария етілмейді.

Қайтыс болған азаматтың денесі Отанына жеткізіліп, 2 маусымда жерленді. Қазақстанның Грузиядағы консулы жергілікті құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыста және бұл мәселені бақылауда ұстайды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, марқұм Грузияға жеке сапарымен барған, кәсіби қызметке ешқандай қатысы жоқ.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық журналист Грузияда өлтірілгені хабарланған болатын.