Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстан Республикасындағы миссиясының аяқталуына орай Грекия Елшісі Александрос Катранисті қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында Бейбіт Атамқұлов Грекия Елшісіне екіжақты байланыстарды нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдіріп, оған естелік сыйлық табыс етті.
Кездесуде Грекияға қазақстандық халықаралық бастамаларға қолдау көрсеткені үшін, сондай-ақ халықаралық аренада өзара тиімді өзара іс-қимылды одан әрі дамыту ниеттері үшін ризашылығын білдірді.
СІМ басшысы Грекия Қазақстанның Оңтүстік Еуропадағы маңызды әріптесі болып табылатынын атап өтті, грек Парламенті мен Үкіметінің жаңа құрамының сайлануымен құттықтап, екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі жемісті дамуына үміт білдірді.
Грекия Елшісі Қазақстан басшылығына қазақстан-грек ынтымақтастығын нығайту ісіндегі тиімді өзара іс-қимыл және оның қызметіне қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Еске сала кетсек, Қазақстан мен Грекия арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 1 қазанында орнатылды. Қазақстанның Грекиямен сыртқы сауда айналымы 2018 жылы 1,2 млрд АҚШ долларын құрады (экспорт – 1,1 млрд, импорт - 19,3 млн).