08 қар, 2022 сағат 10:38

Головкин Ербосынұлының сауығып кетуін тіледі


Боксшы Геннадий Головкин отандасы Айдос Ербосынұлының тезірек сауығып кетуін тілеп, қолдау білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

6 қарашада Ербосынұлы (16-1, 11 КО) кубалық Давид Моррельмен (8-0, 7 КО) супер орта салмақта жұдырықтасып, 12-раундта нокаутпен жеңіліп қалған. Айдостың жағдайы нашар болған соң оны рингтен зембілмен көтеріп алып кеткен еді. Осыдан кейін боксшы ауруханада миына қан кеткен деген диагнозбен жасанды комаға түскен болатын. 

"Тезірек сауығып кет. Туғандарың мен жақындарың бекем болсын", - деп жазды Головкин Instagram Stories-інде.