03 шіл, 2024 сағат 11:28

Гималай асқан қазақ көші туралы фильм түсіріледі


Фото: e-history.kz


Шанхай ынтымақтастық ұйымының Астана саммиті халықаралық саяси-экономикалық алаң ғана емес, сондай-ақ мәдени бастамаларға да жол ашқалы отыр, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» 24kz-ке сілтеме жасап.


Жиынға Түркияда тұратын қандасымыз, әлемге әйгілі кинопродюсер Надира Ахонова арнайы келген. Голливудты мойындатып, HBO-мен бірлесе түсірген "Генетикалық паспорт" деректі фильмі үшін "Эмми" сыйлығын иеленген қазақтың қаракөз қызы енді Үндістандағы Гималай арқылы Түркияға ауған қазақ көші туралы 2 сағаттық тарихи-көркем фильм түсірмек ниетте.Қазір туындының сценарийі жазылып жатыр. Ол кейін түрік тіліне аударылмақ. 


Надира Ахонова, кинопродюсер: - Қазіргі саммитті пайдалана отырып, көш жайлы фильм түсіруді жоспарлап отырмыз. Қазақстан және Түркия мемлекеттерінің қолдауымен. Тарихи фильм. Түркияда түсіріледі. Виртуалды студияда. Бұл біздің тарихымыздағы маңызды тақырыптардың бірі деп ойлаймын.