19 ақп, 2022 сағат 13:24

Германия НАТО-ның жедел әрекет ету күштерін әскери дайындық режиміне көшірді


Германия қорғаныс министрлігі НАТО-ның жедел әрекет ету күштері құрамындағы әскерін жоғары әскери дайындық режиміне көшіретінін мәлімдеді. Бұл армияға Ресеймен қарым-қатынас ушыққан жағдайда жедел жинақталуға мүмкіндік береді. 

Берлин аталған шешімі жөнінде 18 ақпанда хабарлады. Министрліктің айтуынша, НАТО басшылары мен одақтастарымен кеңескеннен кейін осындай шешім қабылданған. 

"Дайындық режиміне көшіру Ресей тарабынан жағдай ушыққан жағдайда НАТО-ға сенімді болуға мүмкіндік береді, бұл Шығыс Еуропадағы одақтастарымызға территорияларын қорғау үшін де керек" делінген ведомство мәлімдемесінде. 

Министрлік қарулы күштердің әскери дайындығының қазіргі күйін айтпады.