© AFP 2023 / MOHAMMED ABED
Сыртқы істер министрлігі Газа секторында жүрген қазақстандықтар туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, ол жақта жүрген қазақстандықтар туралы ақпарат жинау қиын. Себебі байланыс нашар. Дегенмен ондаған қазақстандық туралы мәлімет бар.
“Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Газа секторында Қазақстан азаматтарының 25 жанұясы бар. Көбісі - сол жаққа тұрмысқа шыққан азаматшалар”, - деді Смадияров бүгінгі брифингте.
Оның сөзіне қарағанда, Израильдің жердегі әскери операцияларына байланысты Газа секторында жүрген қазақстандықтарды анықтау қиын болып отыр. Себебі олар қауіпсіз жер іздеп кетті.
“Ол жақта байланыс нашар, сондықтан барлық ақпаратты жинай алмай жатырмыз. Бір-екеуімен байланыстық, бірақ өздері қауіпсіз жер іздеп жүргеннен кейін тұрақты ақпарат беруге мұршалары жоқ”, - деп атап көрсетті Смадияров.