09 қаң, 2023 сағат 10:38

Гарри ханзада әкесі ІІІ Чарльздың тәж кигізу рәсіміндегі ресми мәртебесінен айырылды

Фото: REUTERS/Henry Nicholls

Герцог Сассекский немесе Гарри ханзада әкесі ІІІ Чарльздың тәж кигізу жорасы кезіндегі ресми мәртебесінен айырылды. Салтанатты шара 6 мамырға жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

Гарри ханзада Ұлыбритания патшасына тәж кигізу рәсімінде ешқандай ресми рөл атқармайды.

"Дәстүрді бұза отырып Чарльз екі герцогтың құрмет ретінде тізе бүгу рәсімінен бас тартады. Тек Уильям бұл рөлді атқарады", - делінген хабарламада. 

Басылым мәліметінше, Гарриді шеттетуге оның "Қосалқы" кітабы себеп болған. Мұнда кіші ханзада өз отбасы туралы жазған. Кітап сатылымға 10 қаңтарда шығуы керек.