08 нау, 2022 сағат 10:37

БҰҰ халықаралық соты Украинаның Ресейдің үстінен түсірген арызын қарай бастады

Украинаның Ирпень қаласынан эвакуацияланып жатқан адамдар бұзылған көпір астымен келеді

Гаагадағы Біріккен ұлттар ұйымының халықаралық соты Украинаның Ресей үстінен түсірген талап-арызын дүйсенбі күні қарай бастады. Киев Мәскеуді геноцид туралы халықаралық конвенцияны теріс түсінеді деп айыптады. Талап-арызда "Ресей конвенцияны теріс мақсатта пайдаланып, Украина жеріне басып кіруге ілік етті" дейді.

Ресей президенті Владимир Путин Украинаның Донбасындағы 2014 жылдан қазірге дейінгі жағдайды сөз еткенде "геноцид" деген терминді бірнеше рет қолданған. Киев соттан талап арызын қанағаттандыруды, Ресей басқыншылығын тоқтатуды талап етіп отыр.

Халықаралық соттың дүйсенбідегі отырысына Ресей өкілі келмеген. Мұны судья Джоан Донохью сот ашылған кезде айтты. Сот отырысынан онлайн трансляция болды. Украина өкілі Антон Кориневич соғыс алдында Мәскеудің Киевке геноцид жөнінде таққан айыбы негізсіз екенін дәлелдейтінін мәлімдеді.