03 нау, 2022 сағат 18:57

Франция "Роснефть" басшысы Сечиннің яхтасын тәркіледі


Францияның экономика және қаржы министрі Брюно Ле Мэр "Роснефть" басшысы Игорь Сечинге тиесілі яхта тәркіленгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Ресейлік олигархқа тиесілі яхта тәркіленді. Еуроодақтың Ресей билігіне жақын тұлғаларға қатысты санкцияларын сақтайтын француз кеденшілеріне рақмет", - деп жазды Брюно Ле Мэр Twitter-парақшасында.

Игорь Сечин 28 ақпанда Еуроодақ жариялаған санкциялар тізіміне енген.

Бұған дейін Гамбург билігі ресейлік миллиардер Алишер Усмановтың яхтасын тәркілегені хабарланған болатын.