Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 6 қаңтарда халықаралық авиарейспен келген жолаушылар туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
6 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына Ұлыбритания, Нидерланды, Корея, БАӘ, Мысыр, Түркия, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді.
1 485 жолаушы ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 186 адам, анықтамасыз 299 ҚР азаматы келді.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 482 жолаушы, анықтамамен - 311; анықтамасыз - 171;
- Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 487 жолаушы, анықтамамен - 456, анықтамасыз - 31;
- Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, 277 жолаушы, анықтамамен - 263; анықтамасыз - 14;
- Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 239 жолаушы, анықтамамен - 156; анықтамасыз - 83.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР әдісімен тестіленді және карантин стационарында өз нәтижесін күтіп отыр.
5 қаңтада анықтамасыз келген 215 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижесі бойынша Франкфурт – Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.