09 там, 2021 сағат 17:41

Forbes тізіміндегі қазақстандық кәсіпкерге іздеу жарияланды


Forbes бойынша ең бай 50 кәсіпкер тізіміне енген қазақстандық Анатолий Балушкинге іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бизнесменді іздеу туралы хабарландыру бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті сайтында "қылмыскерлерді іздеу" бөлімінде пайда болды. Іздеу себептері туралы мәлімет жоқ, алайда сайт мәліметі бойынша Балушкин тергеуден қашып кеткен.

"Азия Авто" сайтының мәліметінше, Анатолий Балушкин - "Бипэк Авто - Азия Авто" компаниясында директорлар кеңесінің төрағасы.

Балушкин Forbes нұсқасы бойынша 2020 жылдың желтоқсанына Қазақстанның ең ықпалды 50 кәсіпкерлерінің тізіміне енген. Оның байлығы 153 миллион долларға бағаланды.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Азия Авто" көлік құрастыру компаниясына талап арызы бойынша шешім шығарған болатын. Сот "Азия Авто" компаниясына мемлекетке 174 миллиард теңге қайтаруды міндеттеді.