03 қаз, 2023 сағат 19:28

Физика бойынша Нобель сыйлығы үш ғалымға табысталды

Фото: Nobel Prize/Facebook

Физика бойынша Нобель сыйлығын Пьер Агостини, Ференц Краус және Анн Л'Юлье алды. Олар электрон мен жарық табиғатын зерттегені үшін жоғары марапатқа ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі ВВС жаңалықтарына сілтеме жасап. 

Нобель комитетінің мүшелері лауреаттардың аттосекундтық физикаға қосқан үлесін жоғары бағалады: бір квинтиллион секунд ішінде молекулалық өзара әрекеттесу деңгейінде материяға не болатынын түсіну үшін ғалымдар лазерлік импульстардың миллиардтан бір бөлігіне ғана созылған лазерлік импульстармен жұмыс істеген.

Бұл импульстар атом ішіндегі электрондардың қозғалысын зерттеуге қолданылады.

Бұл — биылғы екінші Нобель сыйлығы.

Бір күн бұрын венгриялық Каталин Карико мен америкалық Дрю Вайсманға РНҚ негізіндегі вакцинаның жаңа түрін жасауға мүмкіндік берген жаңалығы үшін медицина және физиология саласындағы сыйлық берілді.

Айта кетейік, физика бойынша Нобель сыйлығы 1901 жылдан бері 116 рет берілді, оған 222 адам ие болған. 

Өткен жылы физика бойынша Нобель сыйлығын француз Ален Аспет, америкалық Джон Клаузер және австриялық Антон Цейлингер өзара бөлісті. Олардың кванттық механика саласындағы зерттеулері жоғары бағаланды.

Бұл ғалымдардың тұжырымдамасы ұлы Эйнштейннің өзі қателесуі мүмкін екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеді.