23 ақп, 2022 сағат 15:50

"Фейк автоөнеркәсіп" деген әңгімені доғару керек - Скляр


Қазақстанда фейк автоөнеркәсіп деген әңгімені доғару керек. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мөлшерлеме 50 пайызға төмендейтін болады. Алдағы уақытта мұнан ары да төмендету қажет пе немесе арттыру қажет пе деген мәселені қарастыратын боламыз. Бірақ, қазір осындай шешім қабылданып отыр. Сондықтан бізде "фейк автоөнеркәсіп", "фейк ауыл шаруашылығы машиасын жасау" дейтін барлық сөзді доғару қажеттігіне түбегейлі сенімдімін. Қандай да бір ерекше пікір мен бұрмау, қоғамдық пікірді бұрмалауға тырысу бар екендігіне қарамастан отандық өнеркәсіпті дамыту жұмысын жалғастыра береміз. Өзіміздің өнеркісіпті дамытуға және еліміздің, экономикамыздың игілігі үшін жұмыс істеуге ниеттіміз», - деді Роман Скляр «Хабар-24» телеарнасындағы «Сұхбат» бағдарламасы барысында.