05 ақп, 2022 сағат 18:01

Еуроодақ «жасыл энергетикаға» өтетін кезде газ бен атом энергетикасы қолданылады


Сәрсенбіде Еуропалық комиссия «жасыл инвестицияларға» салымды реттейтін тұрақты қаржыландыру ережелерінің жиынтығын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Таксономия (жіктеу) Еуроодақ елдерінің «Жасыл мәмілесінде» – 2050 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге бағытталған экономикалық даму стратегиясында басты орын алады. 

Жеке капиталды экологиялық таза деп танылған энергия көздеріне салуға болады. Мақсат - барлық мүмкіндіктерді қолдана отырып, «жасыл энергияға» көшуді жеделдету. ЕО басшылығы ғылыми ұсыныстарды ескере отырып, өтпелі кезеңде газ және ядролық қызметке жеке инвестициялар тарту маңызды рөл атқарады деп есептейді. 

Осы аптада қабылданған ережелерде газ және ядролық энергетика ЕО-ның климаттық және экологиялық мақсаттарына сәйкес келетіні және Еуропаға көмір өндірісі сияқты ауа ластайтын қызмет түрлеріне қарағанда, негізінен жаңартылатын энергия көздеріне негізделген климаттық бейтарап болашаққа көшуді тездетуге мүмкіндік беретіні айтылған. 

«ЕО 2050 жылға қарай климаттық бейтараптыққа қол жеткізуге дайын және біз оған қол жеткізу үшін барлық құралдарды қолдануымыз керек. Өтпелі кезеңдегі жеке инвестицияларды жандандыру біздің климаттық мақсаттарымызға жетудің кілті», - деді қаржы қызметі жөніндегі комиссар Мейрид МакГиннесс.