15 мау, 2022 сағат 17:38

Еуразиялықтар бірге болуы керек – Мемлекет басшысы


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтар мен орыстар, жалпы еуразиялықтар бірге болуы қажет деп санайды.

"Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында Тоқаев орыстар мен қазақтардың күші шындықта екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

"Шын мәнісінде, мен орыстар мен қазақтар бірге болуы керек деп санаймын. Мен жуырда Бішкекте өткен экономикалық форумда "еуразиялықтар, біз бәріміз еуразиялықтармыз ғой, бірге болуымыз керек" деген едім. Бұл тіркесті орыс тілінде осыдан көп жыл бұрын Кеңес одағын 32 жыл басқарған адам айтып еді. Осы сөзімнен кейін мені сол кісінің жанкүйері деп айыптады. Шын мәнісінде, мен оның жанкүйері емеспін. Біз Еуразияда орналасқанбыз, сол себепті бірге болуымыз керек. Мен бұған кәміл сенемін. Бұдан біз ұтылмаймыз, керісінше ұтамыз", - деді Президент.

Ол қазақтар мен орыстардың менталитеті, ойлауы ұқсайтынын айтты. Мұны да ескеру қажет екенін атап өтті.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде жүр. 17 маусымда ол Петербург халықаралық экономикалық форумының 25-мерейтойлық жиынына қатысады. Мемлекет басшысы форумның пленарлық отырысында сөз сөйлеп, бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланған.