"Известия" газетінің тілшісі Ксения Солдатова мен оператор Дмитрий Тимофеевтің визасы жойылып, Еуропа одағына үш жылға дейін кіруге тыйым салынған. "Оларды 12 тамыздан 13 тамызға қараған түні Эстонияда ұстаған", - деп хабарлайды "Настоящее время".
"Жарамсыз визамен жүрген екеудің Эстонияға қандай мақсатпен, не үшін келгені белгісіз деп көрсеткен" дейді Известия.
Солдатова мен Тимофеевтің 12 тамызда Нарва қаласынан Таллинге бара жатқан пойызда ұстап, полицияға апарған, телефондарын алып қойған. "Известия" "қызметкерлеріміз Эстонияға турист ретінде барды, бірақ кейінгі кездері Эстоноияда болып жатқан оқиғаларды көрмегендей отыра алмады. Олар Ресей азаматтарына виза беруді шектеу мен Т-34 танкісін ескерткіш ретінде қарастыратын құжатты жою туралы материал әзірлемек болды", – дейді "Известияның" телеграм-арнасы.
Шығыс префектураның шекара басқармасының бастығы Урмас Эльми Delfi басылымына берген түсініктемесінде "Известия қызметкерлері Эстонияда пропагандамен айналысты" деп мәлімдеді.
11 тамызда Эстония билігі Шенген визасы бар Ресей азаматтарын елге кіргізбеу жөнінде шешім қабылдаған.