10 ақп, 2021 сағат 16:15

Есмағамбетова: 130 медицина қызметкері вакцинациядан бас тартты

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова медицина қызметкерлерін коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жайлы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі таңда 13 301 медицина қызметкеріне екпе егілді, 218 медицина қызметкерін вакциналау (медициналық көрсеткіштер бойынша) кейінге қалды. 130 медицина қызметкері немесе 0,9% вакцинациядан бас тартты», - деді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте тілші сұрағына берген жауабында. 

Сонымен бірге спикер вакцинациядан бас тартқан медицина қызметкерлері еш жазаға тартылмайтынын түсіндірді. 

«Жалпы, вакцинация – ерікті процесс. Ол вакцина алушының ақпараттандырылған келісімі түсіндірілген соң жүргізіледі. Сондықтан вакцинациядан бас тартқан адамдарға ешқандай санкциялар қарастырылмаған», - деп қорытындылады дәрігер.