29 там, 2016 сағат 09:06

Ерлан Төлеутай. Қазақ киносындағы күлімсі иіс немесе "Құнанбайдың" қадыры

"Құнанбай" ұлттық кино. Бұл фильм əлі бағасын алады. Өткен жылы Еуразия фестивалінде менің балам жюрилерге аудармашы болды. Сондағы барлығының битін салып көргені "Құнанбай" болыпты.

Киноға сыртынан сын айту оңай. Ал түсіру қиын. Оның ішінде ұлттық кино түсіру. Себебі қазақ өзгеріп кеткен. Кино саласы мүлде орыстанған. Актерлердің миын эстрада жеп қойған, кейбіреулері дінмен уланған. Шəкен Айманов заманында қазақтың исі бар еді. Казіргі адамдардан қазақтың исін таппайсың. Орыстың қолаңса исі, арабтың күлімсі исі шығады пенделерден. Сарттың исі де мол шығады, əсіресе фанерщиктер жағынан...

Кинода тіпті бөтен иіс мол. Бір актрисаға "Ғайып ерен қырық шілтен" деген сөзді айтқыза алмай бір күн жүрдім. Өмірі естімеген сөзім дейді. Былай қарасаң қазақы ортада өскен əйел. Қырыққа дейінгі актерлерде "ң" жоқ. "Ң"-ы жоқ актердің дымы жоқ. "Ң" қазақы иістің бірінші көзі. Жүргенов академиясы ң-ы бар талапкерлерді құлатып, ылғи ң-ы жоқ сақауларды қабылдайтын сияқты Академияға. Жас актерлер Нұртас, атын ұмыттым, "бол жанымда" деп зарлап жататын əйгілі фанерщиктерді пір тұтады. Солардың əнсымақтарын тыңдап жүреді. Мына түрлеріңмен актер бола алмайсыңдар десем, ренжиді.

Ұлттық музыкаға барлығы нөл. Актерді ұлттық актер ететін ұлттық музыка, ұлттық классика. Ал енді Əміреге келсек, ол кино болмайды. Мен бұл фильмді тоқтатайық деп құдайдың зарын қылдым, жоғарыға. Бірақ мені ешкім тыңдамады. Əлі "Құнанбаймен" жылап көрісесің.

Ерлан Төлеутайдың жазбасынан