07 жел, 2020 сағат 13:45

"Бандиттің аты - бандит"

 

Бандиттің аты - бандит. Қанша жерден ұлтшыл, діншіл, тілшіл, Робингудшыл болса да, оларды батыр санамау керек деп ойлаймын. Қазіргі заманның батырлары - Стив Джобс, Марк Цукерберг, Сельчук Байрактарлар. Яғни ғылым мен білімді меңгергендер. Ұлт үшін, адамзат үшін пайдасы бар дүние жасай алғандар. Бандит деген ол - қылмыскер. Бұрынғы заманда оларды қарақшы деген. Қарақшылардың жаназасын да шығармаған.

 

Атақты "Бригада" сериалына түскен, "Пчела" болып ойнаған Павел Майков "Бригада" біз үшін танымалдық алып келсе де, Ресей үшін біз қылмыс жасадық дейді. Киноның өзінде өмірі қысқа болып қайтыс болады. Кинодан соң Ресейде жастар арасында ұрлық-қарлық, зомбылықтар артқан. Жастайынан қылмыс әлеміне қатысы барлардың көбі қазір не ана дүниеде, не түрмеде отыр. Көзі тірі бірең-сараңдарын "ұлт батыры, онша-мұнша кедейлерге дәрі дәрмек таратты" деп жарнамаламау керек.

 

 

Сіз маңдай теріңізбен тапқан дүниеңізді бандиттің тартып алғанын қаламайсыз. Бандиттердің тірлігі сол. Қорқытып-үркітіп тартып алу. Қазіргі заманда да билігі бар адамдардың таныстары бандитизммен айналысуда. Бизнесте белгілі бір дәрежеге жеткен адамның мал-мүлкін заңды немесе заңсыз жолмен тартып алады. Оларға заң да жүрмейді. Сол үшін Рыжий Алмас, Дикий Арман, басқа да бандитизммен қатысы барларды мадақтауды доғару керек.
Сәбит Рысбаевтың Фэйсбуктағы жазбасынан