06 нау, 2024 сағат 18:58

Көпбалалы аналарға тісін жөндеу үшін бір реттік қаржылық төлем беру қажет — Ерлан Саиров


Фото: Парламент Мәжілісі сайтынан

Депутат Ерлан Саиров әйелдерге қамқорлық жасау керек деген мәселе көтерді деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".


"Елімізде бала туғаннан кейін берілетін жәрдемақы бар. Оның мөлшері 1-3 балаға 140 теңге, төрт, одан көп балаға 232 мың теңгені құрайды.  Бірақ, шынына келсек, бұл әйелге өтемақы емес, баланың күтіміне берілетін сома. Ал, Ресейдің ана капиталының сомасы бірінші балаға 639-мың рубль, 3 млн  195 мың теңге, екінші балаға 883-мың рубль 7-млн теңгеге тең. Біздің өтемақымен салыстыруға келе ме? Әрине жоқ", -деді Е.Саиров сәрсенбіде өткен мәжіліс отырысында.

Мәжілісмен Қазақстанда демографияны дамыту үшін ана капиталын жасақтауды ұсынды.

"Ана бала көтергенде, құрсақта баланың қалыптасуына кальциді көптеп жұмсап, өзінің тісінен айырылатыны медициналық факт.
Көп балалы атанған 543-мың әйелдің барлығының басында бар  зор проблема ол тістің түсуі. Қазақстандағы стомотологияның бағасының күйіп тұрғанын бәріміз жақсы білеміз! Сондықтан, бірінші кезекте көп балалы аналарға тісін жөндеу үшін бір реттік қаржылық төлем қалыптастыру қажет. Бала тапқан әйелдердің денсаулығын қалыпқа келтіріп, ұстап отырудың мемлекеттік стандарттары қажет", -деді депутат.