Мемлекет басшысының Өкімімен Ерлан Сапарұлы Оразбай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Өкімімен Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды.