14 нау, 2022 сағат 15:05

Қошанов: Мемлекет басшысының шұғыл да жігерлі шешімдері елді ауыр соққыдан алып шықты


Мемлекет басшысының шұғыл да жігерлі шешімдері елді ауыр соққыдан алып шықты. ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы жылдың басында еліміз үшін үлкен сынақ болды. Біз сынаққа тап болдық, тұрғындар зардап шекті. Фактілер мен цифрларды бүгін барлығымыз естідік. Елдігіміз бен тәуелсіздігімізге төнген қауіп туралы бүгін көп айтылды. Осы сын сағаттарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шұғыл да жігерлі шешімдер қабылдап, елді осындай ауыр соққыдан алып шықты. Жағдай тез арада тұрақтанды. Бүгінгі сөз сөйлегендердің бәрі, азаматтық қоғам өкілдері, депутаттар Президентіміздің табанды шешімдерінің арқасында мемлекеттігімізді сақтап қалғанын бірауыздан айтты», - деді спикер. 

Оның пайымдауынша, соз кезде қабылданған шешімдердің дұрыс болғанын бүгін уақыт көрсетіп отыр. 

«Уақыт өте келе бұл елдік пен тұтастықты сақтап қалу үшін жасалған бірден-бір дұрыс қадам екенін көріп отырмыз», - деді Мәжіліс төрағасы.