Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Құрметті Президент Тоқаев, игі ниеттеріңіз үшін өз атымнан және Эмине ханым атынан рахмет айтамын. Бауырлас Қазақстан халқына сәлемім мен сүйіспеншілігімді жолдаймын» деп жазды Түркия басшысы.
Еске салайық, бұған дейін Тоқаев Ердоған мен жұбайының тезірек сауығып кетуін тілеген болатын. Түркия басшысы мен жары омикрон штамын жұқтырған.