21 қыр, 2022 сағат 01:55

Ердоған: Путин соғысты тезірек аяқтағысы келеді

Режеп Ердоған мен Владимир Путин Самарқандта кездескен сәт. 16 қыркүйек 2022 жыл.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған америкалық PBS телеарнасына берген сұхбатында "Путин соғысты тезірек аяқтағысы келеді" деді.

"Путинмен Өзбекстанда кеңірек әңгімелестік. Әңгімеден оның соғысты тезірек аяқтауға дайын екенін ұқтым, себебі жағдай ушығып барады" деді Ердоған Самарқандтағы ШЫҰ саммитінен кейін берген сұхбатында.

Түркия президентінің сөзінше, Путин бұл соғысты бейбіт жолмен шешуге тырысатындай.

Ердоған сұхбатында Мәскеу мен Киев 200 тұтқын алмасуға келіскенін айтады.

Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөз мамырда тоқтаған еді. Екі тарап соңғы рет 29 наурызда Стамбулда кездескен. Киев Ресей Украина аумағындағы барлық әскерін әкетпейінше, келіссөз жүргізбейтінін мәлімдеген.