Қазақстанда медициналық маска жетіспеушілігі туындамайды. Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстанда өндіріліп жатқан маска көлемі жеткілікті. Сонымен қатар аймақтардың бәрінде бірнеше мәрте қолдануға болатын масканы да шығарып жатыр. Қоймаларда да бар. Сол себепті бұл мәселе бойынша Қазақстанда проблемасы туындамауы керек», - деді Ералы Тоғжанов.
Оның айтуынша, елімізде бүгінгі күні тәулігіне 1 миллионға жуық маска шығарылады.
Дәріханаларда бір масканың бағасы – 85 теңге.