видео кадрлары, коллаж: Экспресс К
Алматыда көлікті айдап әкетуге қатысты деректің толық видеосы шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" POLICE_of_KZ телеграм-арнасына сілтеме жасап.
ІІМ мәліметінше, күдікті жол-көлік оқиғасы болған жерден жасырынғысы келген. Көлік иесі ер адамның іс-әрекетін видеоға түсірген.
Қаскүнем жауапкершіліктен жалтаруға тырысып, жол бойында басқа азаматтың көлігіне отырып, "тоқтама" деп бұйырып, оны кеңсе пышағымен қорқытқан.
"Бұл уақытта полиция қызметкерлері де келіп жетіп, ер адамды ұстады. Ұстау кезінде ол өзін-өзі жарақаттады.
Қазір ер адам медициналық мекемеде. Күзет қойылды.
ҚР ҚК-нің 200-бабы "Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр" - делінген хабарламада.