12 жел, 2022 сағат 16:53

Энергетика министрлігінің ғана мәселесі емес - Министр Екібастұздағы ТЖ-дан кейінгі сынға қатысты


Энергетика министрі Болат Ақшолақов бүгін Астанада Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан сынға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

Үкімет отырысы кулураныда журналистер энергетика министрінен Президенттің Екібастұздағы жағдайға қатысты сынына пікір беруді сұрады.

"Мен жаңа ғана айттым, бұл - тек Энергетика министрлігінің мәселесі емес, желілер бүгінде Энергетика министрлігіне қарамайды. Біз идеяларды, нысандарды, яғни станцияларды құруға жауаптымыз.

Тиісінше, сенсорларға қатысты болған жағдай және т.б., бүгін Премьер-министрдің бірінші орынбасарының баяндамасында естігендеріңіз – бәрі бір уақытта жиналған жағдай. Бұл - тұтас кешен, сондықтан комиссия жұмыс істеді", - деді Ақшолақов.