05 нау, 2022 сағат 18:17

Энергетика министрлігі АЭС салу мерзімін ауыстыру туралы ақпаратты түсіндірді


Қазақстанның Энергетика министрлігі атом электр станциясын салу мерзімін ауыстыру туралы ақпаратты түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Энергетика министрлігі интернет-ресурстарда таратылған Қазақстандағы АЭС жобасын іске асыру мерзімдерін ауыстыру туралы ақпаратты жоққа шығарады. Сонымен қатар, АЭС мерзімі, құрылыс орны және қуат көлемі бойынша ұсыныстар терең зерттеулердің қорытындысы бойынша белгілі болатынын атап өтеміз", - делінген министрлік хабарламасында.