03 там, 2020 сағат 16:07

Ендігі мәліметтер нақты бола түспек - Электронды денсаулық сақтау орталығының басшысы

Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы департаментінің директоры Данияр Мақашев коронавирусқа қатысты бірыңғай статистикаға көшу туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мәліметтерді тіркеу тұрғысынан алып қарағанда бұл тәсілге көшу 1 тамыздан бастап жүзеге асқаны дұрыс болды», - дейді Данияр Мақашев.

Оның айтуынша, біздің мемлекет статистиканы біріктіру туралы ДДСҰ ұсынысын шілде айының басында алған.

«Диагнозды емдеуге арналған хаттамада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дәл осы коронавирусты есепке алу бөлімін ұсынған және 15 шілде күні біз диагнозды емдеудің ішкі хаттамаға енгізген болатынбыз. Тиісінше, біз медицина қызметкерлерін оқытудың дайындық кезеңінен өттік - оны да ескеру керек. Шілде айында барлық медициналық қызметкерлерді дұрыс есеп жүргізуге үйрететін семинарлар өткізілді. Енді коронавирус туралы мәліметтер нақтырақ болады», - дейді ол.