02 ақп, 2021 сағат 16:55

Еңбек министрлігі Қазақстан азаматтарына ескерту жасады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) қызметкерлері қазақстандықтарға әлеуметтік көмек тағайындау туралы ұсыныспен қоңырау шалмайды.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. 

«Азаматтардан қырағылық танытуды және белгісіз адамдардың қулықтарына бой алдырмауды сұраймыз! Соңғы уақытта қазақстандықтарға түрлі байланыс операторларының ұялы нөмірлерінен қоңыраулар түсіп жатыр. Белгісіз адамдар өздерін Еңбекминінің қызметкерлері деп таныстырып, банктік картаның құлпын ашу үшін кредиттерді өтеуді сұрайды немесе азаматтардың жеке деректерін сұратады. ҚР Ебекминінің қызметкерлері азаматтарға қоңырау шалмайды және жеке ақпарат сұрамайды. Азаматтардан қырағылық танытуды және белгісіз адамдардың қулықтарына бой алдырмауды сұраймыз!»,-делінген министрліктің хабарламасында.