30 нау, 2020 сағат 19:55

Елжан Біртанов коронавирустан айыққан науқастар қалай емделгенін айтты

Біз басқа мемлекеттермен апта сайын видеоконференция өткізіп, қажетті өзгерістер енгізіп жатырмыз. Бұл туралы онлайн брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Арнайы клиникалық, диагностикалық және емдеу протоколы бекітілген. Біз басқа мемлекеттермен апта сайын видеоконференция өткізіп, қажетті өзгерістер енгізіп жатырмыз. Халықаралық протокол арқылы пайдаланатын дәрілерді пайдаланудамыз. Вирусқа қарсы дәрі-дәрмек жеткілікті. 10 мың адамға арналған резервіміз бар» , - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Ол шетелдік емханалардан көптеген ұсыныс түсіп жатқанын айтты.

«Шетелдік емханалардан, ғылыми-зерттеу институттардан көп ұсыныс түсіп жатыр. Көбі тексерілмеген, белгісіз дәрі-дәрмектер. Мұндай ақпараттарды біздің мамандар зерттеген соң ғана протоколға енгіземіз», - дейді ол.