Елордада нан бағасы 95 мың теңгеден көтерілумеуі тиіс. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде Нұр-Сұлтан қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"
«Бүгінде қалада 18 мың тонна азық-түлік тауарының қоры бар. Бұл шамамен бір айлық тұтыну нормасын құрайды. Сонымен қатар бір өңірлермен және шаруа қожалықтармен азық-түлік өнімдерін қалаға тікелей жеткізуге уағдаластық. Көкөніс түрлеріне қатысты әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялармен және жеткізушілермен уағдаластық бар. Оған қосымша 1 млрд теңге бөлінген. 1 қазанға дейін баға тұрақты болады. Ол шамамен 14 мың тонна көкөністі құрайды», - деді ол.
Басқарма басшысының атап өтуінше, өткен жылы елордаға 8 мың тонна ұн сатып алынған. Бұл қала халқын 1 жыл нанмен қамтамасыз етуге жеткілікті. Бұл ретте нан бағасын 95 теңгеден көтерілмеуі тиіс.
«Азық-түлік қалаға кедергісіз жеткізіліп жатыр. Азық-түлік тиелген жүк, ең бірінші қажетті тауарлар тиелген көліктер үшін жасыл дәліз қамтамасыз етілген. Блок бекеттерде тауардың ілеспе құжаты, бағдар парағы, жүргізуші мен экспедитордң денсаулығы тексерілетін болады. Жеткізушілер алгоритмі мынадай – көлік қоймаға дейін барып, жүкті түсіргеннен кейін бірден шығып кетеді. Бағдардан қиыс кетуге болмайды. Әрбүр жүк онлайн режімде қадағаланып отырады. Ол үшін Сергек камерасымен ықпалдастырылған «Блок бекефт» мобильді қосымшасы іске қосылған», - деді басқарма басшысы.