30 сәу, 2020 сағат 14:58

Елордадағы медқызметкердің үстемеақысы 10 мамырға дейін төленеді

Елордадағы медицина қызметкерлеріне сәуір бойынша үстемеақы 10 мамырға дейін төленеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Үстемеақы жұмыс істеген күндер мен қауіп сатысына қарай берілетінін білесіздер. 10 сәуірге дейін наурыз айы бойынша 1893 медициналық қызметкерге үстемеақы төленді. Ол үшін 643 млн теңге бөлінді», - деді Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова онлайн брифингте. 

Басқарма басшысы өз сөзінде сәуір бойынша үстемеақы 10 мамырға дейін төленетінін жеткізді.

«Бұйрыққа сәйкес үстемеақы берілетін дәрігерлердің тізімін бас дәрігерлер береді», - деді ол.

Айта кетсек Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде мемлекеттік комиссия эпидемияға қарсы күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне ай сайын еңбекақыларына белгілі мқлшерде үстемеақы төлеу туралы шешімді бекітті. Осы бұйрыққа сәйкес, тәуекелдің үш тобы анықталып, олар 380 мың теңгеден 850 мың теңгеге дейін үстемеақы алуы тиіс.