Нұр-Сұлтан қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Зекен Исақов елордаға медициналық маскалардың қосымша партиясын әкелінгенін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қалаға 350 мың маска жеткізілді. Қаланың дәріханаларына таратылды. Бағасы – 56 теңге. Бұған қоса маскалардың қосымша партиясын әкелу көзделуде», - деді тікелей эфирде өткен баспасөз мәслихатында.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі 56 теңгелік медициналық маскалар әлеуметтік дәріханаларда сатылып жатқанын хабарлады.