19 нау, 2020 сағат 12:35

Елордада коронавирус жұқтырған адам тұрған үй карантинге жабыла ма?

Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен «Елордада коронавирус жұқтырған адам тұрған тұрғын үй оқшаулана ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Карантин жүргізу үшін тұрғын үйді оқшаулау - дұрыс емес, себебі қандай да бір диагнозы анықталған науқас жедел түрде ауруханаға жатқызылады», - деді Бахтияр Мәкен Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Оның айтуынша, адам өзін нашар сезініп, жедел жәрдем шақырса, бірден ауруханаға жатқызылады.

«Егер ол туыстарымен немесе тұрғын үйдегі адамдармен қарым-қатынаста болса, олар карантинге жатқызылады», - дейді ол. 

Айта кетейік, кеше коронавирус жұқтырған адам тұрған Алматыдағы «Сұңқар» тұрғын үйі оқшауланған болатын.