Қазақстанда COVID-2019 ауруын жеңіл көтеретіндер үйінде емделу тәртібіне көшіріле ме? Бұл сұрақ Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бүгінгі күні біздің елде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты және коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдарды емдеу хаттамасына сәйкес індетті жұқтырған азаматтарды біз ауруханаға жатқызамыз. Себебі адамның вирусты жұқтырғаны лабороториялық тұрғыда расталса, науқас емханада ем алады. Эпедемияның кезеңіне байланысты бәлкім бұл емдеу әдісі алда қаралуы мүмкін. Алайда қазір біз вирусты жұқтырғандардың бәрін емханада емдейміз», - деді басқарма басшысы онлайн брифингте.
Оның айтуынша Нұр-Сұлтан қаласында осы уақытқа дейін 7 шетел азаматы коронавирус жұқтырған. Оның бесеуі емделіп, емханадан шығарылған. Қазір екеуі емделіп жатыр.