24 сәу, 2023 сағат 13:43

Елордада беймәлім ер адам кранның басына шығып алды


Астанада белгісіз ер адам кранның басына шығып алған. Қазір оның себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«24 сәуір сағат 11.39-да «102» арнасына белгісіз ер адамның кран мұнарасына шығып алғаны туралы хабар келді. Оқиға орнына жедел қызмет жіберілді. Қоғамдық тәртіпті бұзушы іс-әрекетінің себебі анықталып жатыр. Оның нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі», - делінген ресми хабарламада.

Еске салсақ, өткен жылы Астанада осыған ұқсас жағдай болған еді. Кейін кран басына шыққан ер адам 5 тәулікке қамалды. Ол құрылыс кранының төбесіне Тараз қаласының құқық қорғау органдарымен арада туындаған проблемаға назар аудару мақсатында шығып алған.