Елордада 31 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Нұр-Сұлтан қаласында 31 медцина қызметкері коронавирус жұқтырған. Олар қалалық медициналық ұйымдардың, сонымен қатар республикалық ұйымдардың қызметкерлері. Олар негізінен коронавирус індетін дұқтырған пациенттерді емдеу-диагностикалық процесіне жұмылдырылған. Жағдайлары қанағаттанарлық, барлығы да емханаға жатқызылған. Клиникалық хаттамаға сәйкес ем алып жатыр»,- деді Сәуле Қисықова.