17 сәу, 2020 сағат 19:31

Елорда студенттері «Тәні саудың – жаны сау» атты жаппай флешмоб ұйымдастырды

Челлендж «Біз біргеміз!» акциясы аясында өтуде, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың ЖОО студенттері жаппай флешмоб ұйымдастырды. Төтенше жағдай режимі енгізілгеннен кейін 16 оқу орны қашықтан оқытуға көшті. Бос уақытын тиімді өткізу үшін жастар салауатты өмір салтын қолдау акциясын бастады. Жоғары оқу орындары мен колледж оқушылары әлеуметтік желіде жаттығу видеоларын жариялады. Жаттығуларға орындықтар, су құйылған бөтелкелер, доптар, басқа да қолжетімді заттар пайдаланылуда. «Біз біргеміз» акциясы аясында «Тәні саудың – жаны сау» челленджі өтуде.

Флешмобтың мақсаты – бос уақытты денсаулыққа пайдалы өткізу», – дейді жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы, «Тұран-Астана» университетінің магистрі Темірлан Қайыржанов. Айта кету керек, акцияға елорда жастары белсенді қатысуда. Ал флешмобқа дене шынықтыру пәнінің мұғалімі бастамашы болды.

«Карантинге байланысты біз, экономикалық университетінің студенттері салауатты өмір салтын насихаттау үшін флешмоб өткізуге жиналды. Оның бастамашысы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болды. Біз эстафетаны барлық басқа университеттерге жолдап, қазақстандықтарды спортпен шұғылдануға шақырамыз», – деді Нұр-Сұлтан қаласының КазЭҚХСУ (Экономикалық университет) студенті Сәбит Рамазан.