06 нау, 2020 сағат 14:10

Елорда әуежайына Сеулден 178 жолаушысы бар ұшақ қонды

Елорда әуежайына Сеулден бортында 178 жолаушысы бар ұшақ қонды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгін 16-00-де елорда әуежайына Сеул қаласынан ұшақ келіп қонды. Ұшақ ішінде 178 жолаушы бар. Оның 85-і - транзиттік жолаушы. Атап айтқанда 31 адам - РФ, 51-і - Өзбекстан, үшеуі - Грузия азаматы. Қазақстандықтар - 93 азамат, оның ішінде 2 бала бар. Олар Нұр-Сұлтандағы көпсалалы медициналық орталыққа 14 күнге карантинге жатқызылады», - деді ресми өкіл.