Қазір дистрибьютерлермен қосымша маска алу туралы келіссөз жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Біздің қала тұрғындарын дәрі-дәрмек, медициналық маска тапшылығы мәселесі мазалайды. Қажетті дәрі-дәрмек пен медициналық маскамен қамтамасыз ету үшін бар күшімізді салып жұмыс істеудеміз», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.
Ол екі күн бұрын қала басшылығы маскамен толық қамтамасыз ету туралы шешім қабылдағанын айтты.
«Біз қаланы 250 мың маскамен қамтамасыз еттік. Бүгінгі таңда дистрибьютерлермен қосымша маска алу туралы келіссөз жүргізіп жатырмыз. Арнайы мемлекеттік органдарға, әскерилер мен медициналық қызметкерлерде маска артығымен болуы керек, себебі олар үшін бірінші орында қажетті нәрселердің бірі – осы маска. Меморандум аясында қабылданған шешім бойынша, бір адамға сатылатын маска 5 данадан кем болмауы керек. Бұл ешқандай алыпсатарлық болмауы үшін жасалады. Біз «СК Фармация» және ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен жұмыс істейміз. Қала тұрғындары үшін маскадан бөлек, дезинфекция жасайтын заттар да керек», - дейді ол.