02 шіл, 2020 сағат 12:24

Еліміздің бас экологы су мәселесін талқылау үшін Өзбекстанға келді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Түркістан облысының басшысы Өмірзақ Шөкеевпен бірге Ташкентке келді, – деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

«Алдағы жоспар - өзбек тарапымен келіссөздер раундын өткізіп, бірқатар маңызды мәселелерді талқылау» деп мәлім етті ведомстводан.

Талқыланатын мәселелердің ішінде су қатынастары саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша Жол картасының жобалары бар. Сонымен қатар трансшекаралық су нысандарын бірлесіп басқару және пайдалану туралы екі ел арасындағы келісім сөз болады.