04 қар, 2020 сағат 07:11

Елімізде пневмониямен сырқаттанған 269 адам тіркелді

4 қарашадағы жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанған 269 адам анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бір тәулік ішінде 63 науқас сырқатынан жазылып шығып, 1 жағдай өліммен аяқталды.  

2020 жылдың 1 тамызынан бастап елде тіркелген науқастар саны – 38 281, өлім жағдайы - 405, барлығы 28 899 адам сауығып шықты.

Қазақстан билігі ПТР тестімен расталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмония есебін 1 тамыздан бері жүргізіп келеді. Үкімет дерегінше, тамыздың басынан 3 қарашаға дейін 38 281 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған: 28 899 адам жазылған, 405-і қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір коронавирус пневмониясынан 4 981 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 340 бала бар. Оның 2 510-ы стационарда ем қабылдауда. 148 науқастың ахуалы нашар, 18 адамның жағдайы - өте ауыр, 20 адам жасанды тыныс алу аппаратымен дем алып жатыр.