Еліміздегі электр стансалары бір жылда 100,8 млрд КВт/сағат электр энергиясын өндірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы Энергетика вице-министрі Қайрат Рахимов орталық коммункациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.
«2020 жылдың қорытындысы бойынша ел бойынша электр энергиясын тұтыну 100,7 млрд КВт/сағатты құрады. Отандық электр стансалары 100,8 млрд КВт/сағат электр энергиясын өндірді. Қазақстанда электр энергиясы өндірісін әртүрлі меншік нысанындағы 179-дан астам нысан, негізінен жеке меншіктегі электр стансалары жүзеге асырады», - дегді вице-министр.
Ведомство өкілі электр өндірісінде көмірдің үлесі әлі азаймағанын айтады.
«Қазақстанның электр стансаларының жалпы белгіленген қуаты 1 қаңтардағы жағдай бойынша 23 мың МВт құрайды. Қолда бар қуаты - 19 мың М Вт. Өндіру процесіндегі отын түрлері бойынша генерациялайтын көздердің үлесі былайша бөлінген: көмірмен - 68 пайыз, газбен - 20 пайыз, СЭС – 9 пайыз және жаңартылатын энергия көздері - 3 пайыз», - деді Қайрат Рахимов.