29 қыр, 2020 сағат 14:00

Елімізде коронавирустан бір аптада 26 адам қайтыс болды

21 және 27 қыркүйек аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 26 адам көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өңірлер бойынша: 

Нұр-Сұлтан қаласында - 2
Алматы қаласында - 3
Шымкент қаласында - 1
Атырау облысында - 4
Шығыс Қазақстан облысында - 5
Жамбыл облысында - 2
Батыс Қазақстан облысында - 3
Қарағанды облысында - 2
Қостанай облысында - 2
Маңғыстау облысында - 1
Солтүстік Қазақстан облысында - 1

Қазақстанда коронавирус барлығы 107 833 адамнан анықталды, оның ішінде 102 805 адам жазылып шықты. Қайтыс болды - 1725 науқас.