16 шіл, 2020 сағат 10:02

Елімізде коронавирус жұқтырған 306 адам ауыр жағдайда жатыр

Елімізде коронавирус жұқтырған 306 адамның жағдайы нашар болса, оның ішіндегі 41 науқастың ахуалы өте ауыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазіргі уақытта ауыр жағдайдағы науқастарымыз жансақтау мен анестезиология бөлімінде емделіп жатыр. Олардың саны – 306 адам. Ауыр жағдайда - 265 сырқат, өте ауыр жағдайдағы 41 науқас бар. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған 67 науқас (коронавирус жұқтырған) ем қабылдауда. Инвозивті емес өкпені жасанды желдету аппаратында 133 сырқат жатыр. Өзінше демалатын оксигенотерапия алып жатқан сырқаттардың саны – 106. Өз бетінше демалатын науқастардың саны – 9265 науқас», - деді ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет төрағасы сонымен қатар тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып, осы жарты жылдықта Қазақстанда пневмониямен 98 мың адам сырқаттанғанын айтып өтті.

«Өткен жылмен салыстырғанда өсім 50 пайыздан жоғары», - деді ол.