ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың бекіткен қаулысы бойынша, өңірде коронавируспен ауырған науқастар өсімі 7 пайыздан асқан жағдайда облыстарда, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында бірқатар шектеу шарасы енгізіледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ол шаралардың тізбесі мынадай:
1) көпшілік іс-шараларын (мерекелік, спорттық-көпшілік, ойын-сауық мәдени-көпшілік іс-шараларды, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т. б.) өткізуге тыйым салуды;
2) кинотеатрлар, түнгі клубтар, фитнес, тренажер залдары, сауда-ойын-сауық орталықтары жанындағы балалардың ойын алаңдары, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары, компьютер клубтары, Токио-2020 Олимпиада және Параолимпиада ойындарына ұлттық құрама командаларын дайындау үшін оларды пайдалану кезеңінде ғана Ұлттық олимпиада комитетінде аккредиттелген спорттық базаларды қоспағанда, спорт кешендерінің қызметін тоқтата тұруды;
3) медициналық көрсетілімдер бойынша сапарды қоспағанда, COVID-19 бойынша қолайсыз елдерге халықаралық спорттық, мәдени, туристік іс-шараларға шығуға тыйым салуды қаулы етті.
4) халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететін ұйымдардың қызметкерлерін, сондай-ақ медициналық көрсетілімдер бойынша шығатын және кіретін адамдарды, сондай-ақ карантин енгізілген кезеңде стационарларда емдеуде және карантиндік және провизорлық стационарларда бақылауда болған адамдардың шығуын қоспағанда, карантин жарияланған өңірлер/қалалар аумағынан шығуға және оларға кіруге тыйым салуды енгізуді және орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
5) Медициналық көрсетілім бойынша екі адамнан артық емес адам еріп жүргенде карантин жарияланған өңірлер/қалалар аумағына азаматтардың келуіне және шығуына рұқсат беріледі. Тек ол үшін тиісті құжаттары болуы керек.
6) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жедел штабтар мен тиісті аумақтағы Бас мемлекеттік санитар дәрігердің шешімі бойынша өңірлер ішіндегі блокпостта санитарлық-карантиндік бақылауды ұйымдастыруды;
7) Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің қызметкерлерін тарта отырып, COVID-19 сырқаттанушылық тіркелген ауылдық елді мекендерді қоршауды;
8) екінші деңгейдегі банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінің қызметін онлайн жұмыс режиміне және эпидемияға қарсы шараларды сақтай отырып «клиенттерге дейін жеткізу» принципі бойынша көшіру арқылы шектеуді;
9) меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, қызмет көрсету саласы объектілерінің қызметін тоқтата тұруды;
10) жәрмеңкелердің, азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар базарларының, автомобиль, киім-кешек, мал базарлары мен адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің жұмысын тоқтата тұруды;
11) қоғамдық көліктің жұмысын тоқтата тұруды және шектеуді;
12) ауылдық елді мекендер ішінде тұрғындардың жүріп-тұруына тыйым салуды енгізуді;
13) діни объектілердің жұмысын тоқтата тұруды;
14) облыстың, қалалардың, аудандардың, ауылдық аймақтардың ішінде көктемгі дала жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге, сондай-ақ ара шаруашылығында растайтын мемлекеттік тіркеу куәлігін (шаруа қожалығы, фермерлік шаруашылық, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, кредиттік серіктестік және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын), жеке куәлікті, сондай-ақ жұмыскерлер үшін жұмыс орнынан анықтаманы (мөрмен куәландырылған еркін үлгідегі анықтама) ұсынған кезде тартылған адамдардың көліктерін қоспағанда, жеке көліктің қозғалысын шектеуді;
15) тұрғылықты жері бойынша отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салуды;
16) карантин кезеңінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің тізбесі мен жұмыс режимін айқындауды;
17) қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты облыс орталықтарының, қалалардың, аудандардың, ауылдық елді мекендердің аумағында жүріп-тұруға рұқсат етілген адамдардың тізбесін айқындауды;
18) карантин режимін сақтамайтын адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тартуды енгізуді және орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.