30 қаң, 2023 сағат 20:32

Елімізде қанша шетелдік автокөлік заңдастырылды?

© Sputnik / Владислав Воднев

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда бүгінге дейін қанша автокөлік заңдастырылғаны жайлы ақпаратты бөлісті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Шетелдік автокөліктерді заңдастыру жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда 30 415 өтініш мақұлданды. 6 868 автокөлік сәтті заңдастырылды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 23 қаңтарда Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны басталды. 

ӨТІНІМ БЕРУ ЖОЛДАРЫ:

- е-gov.kz электронды үкімет порталы арқылы;

- Екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы;

- ХҚКО-ның “Өз-өзіне қызмет көрсету секторы” арқылы.

ЗАҢДАСТЫРУ ҮШІН ТАЛАП ЕТІЛЕТІН ЕРЕЖЕЛЕР:

- Автокөлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы керек;

- Криминалдық есепте болмауы керек;

- Басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс;

- Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі қажет.

Өтінім беру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.