ҚР Денсаулық министрлігі 2020 жылы елімізде неше адам скринингтік тексерістен өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
2020 жылы коронавирус инфекциясы және ҚР аумағында эпидемияға байланысты карантин және індетпен күресуге қатысты басқа да шаралар енгізілуіне байланысты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің жоспарлы тексерістері ішінара тоқтатылды.
Осыған байланысты 2020 жылы скринингтік тексерулермен жатыр мойны обыры бойынша - 786 690 әйел тексеріліп (жоспардың 83,5%-ы), 264 қатерлі ісік анықталды, оның 59,1% І сатысында;
744 972 әйел сүт безі қатерлі ісігіне тексеріліп, (жоспардың 75,5%), сүт безі қатерлі ісігінің 1072 жағдайы белгілі болды. Сүт безі қатерлі ісігінің 0-I сатысының үлес салмағы 48,6% құрады.
971 450 адам колоректалды қатерлі ісікке тексерілді (жоспардың 86,7%). Тексеру нәтижелері бойынша колоноскопиядан өткендер арасында ішектің қатерлі ісік алды аурулары 19 пайызы, ал колоректалды қатерлі ісіктің 187 жағдайы анықталды. I кезеңдегі колоректалды қатерлі ісіктің салыстырмалы үлесі 33,7%-ды құрады.